Қазақстандықтардың «Australian Open» алғашқы айналымындағы қарсыластары анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мельбурнде 16-29 қаңтар аралығында өтетін биылғы маусымдағы алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі - Австралия ашық біріншілігінің әйелдер арасындағы бәсекесіне жеребе тастау рәсімі өтті, деп жазды Sports.kz.

Оның нәтижесі бойынша Қазақстан өкілдерінің қарсыластары белгілі болды. Сонымен  Ярослава Шведова алғашқы айналымда 27-ші нөмірмен румындық Ирина-Камелия Бегумен кездеседі. Галина Воскобоева кортқа 11-ші нөмірлі украиндық теннисші Элина Свитолинаға қарсы шығады. Ал Юлия Путинцеваның қарсыласы - испандық Лара Арруабаррена.