«Құрметті достар! Жаңа ғана үш экзит-поллдың қортындысы жарияланды. Алдын ала нәтижелер бойынша, «АМАNАТ» партиясы Мәжіліс пен жергілікті өкілді органдар сайлауында орташа 53,46% дауыс жинап отыр.
Барша партия мүшелері мен қолдаушыларымызды құттықтаймын!
Бұл қазақстандықтардың басым бөлігінің ұстанымын көрсететін әділ нәтиже екеніне сенімдімін. Партияның сайлауалды бағдарламасын қолдаған халыққа және кандидаттарымызға алғысымыз шексіз!
Бұл «АМАNАТ» партиясының барлық мүшесіне зор жауапкершілік жүктейді. Біз сайлаушыларымыздың сенімін ақтауға бар күшімізді саламыз!» - деп жазды ол.