Қазақстандықтардың дағдарысқа қарсы шаралары - пікір

МИНСК. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат – «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған биылғы Жолдауында дағдарысқа қарсы шаралардың кешенді жүйесіне ерекше назар аударылып отыр,

әсіресе экономиканың нақты секторын мемлекеттік қолдауға, әлеуметтік төлем мәселелеріне ерекше назар аударылған», - дейді экономика ғылымдарының докторы, М.Танка атындағы Беларус мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Леонид Давыденко.ҚазАқпараттың Қазақстанның Беларус Республикасындағы Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, беларус ғалымының үнқатуында сондай-ақ экономиканы әрі қарай жаңарту және елдің дағдарыстан кейінгі дамуын қамтамасыз ету үшін халықты жұмыспен қамтудың жаңа жоспарына қатысты Қазақстан Президентінің Жолдауындағы негізгі тарауларға тоқталған. «Үкіметке республикалық бюджет шығыстарын оңтайландыру және бюджет қаражатының атқарылуына апта сайын мониторинг жүргізу туралы тапсырма берілді. Президент Н.Назарбаевтың ресурстарды үнемдеу стратегиясына арналған сонау 90-шы жылдардағы докторлық диссертациясында айтқан экономикалық саясат осы жерде байқалады», - деп атап көрсетті профессор. Л.Давыденко әлемдік валюта-қаржы жүйесін өзгерту туралы Президент Н.Назарбаевтың жаңа ұсыныстарын «әлемдік қаржы дағдарысынан шығудың жолын іздестіру жөніндегі экономикалық ой-пікірлердегі жаңа көзқарас», - деп атап отыр.