деп хабарлады Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің басылымдық БАҚ басқармасының баспасөз қызметінен.
Сауалнама республиканың барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында ұйымдастырылды және жүргізілді. Іріктеп алынған жиынтығы 600 адамды құрады.
Зерттеу шеңберінде халықтың ЕҚЫҰ Саммиті туралы хабардарлық деңгейі, аталған шараның ролі мен маңызы, Саммиттің қорытындысы бойынша қоғамдық пікір зерделенді.
Мысалы, сауалнама нәтижелері бойынша халықтың Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Саммиті туралы хабардар болу деңгейі өте жоғары екендігі анықталды. Респонденттердің 95,3 пайызы Саммиттің өтетіндігі туралы естігендерін айтса, ал 4,7 пайызы мүлдем ештеңе білмейтіндіктерін айтқан.
Оның ішінде, қала тұрғындарының 96,1 пайызы ЕҚЫҰ Саммитінің өткендігі туралы хабардар екендігін көрсетсе, ауыл тұрғындарының бұл шара туралы білетіндер үлесі 94,2 пайызды құраған.
Саммит туралы негізгі ақпарат көзі ретінде теледидарды белгілеген респонденттердің үлесі 76,8 пайызды құрайды. Бұдан кейінгі орында баспа басылымдары тұр - 8,2 пайыз, әріптестерінен естігендер - 6,3 пайыз, Интернеттен оқығандар - 3 пайыз, радиодан естігендер - 0,8 пайыз.
Жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелеріне сәйкес, жалпы сұралғандардың 72,8пайызы ЕҚЫҰ Саммитінің трансляциясын тамашалаған, 21,5 пайызы көрмеген, олардың ішінде 4,2 пайызы өтіп жатқан оқиғаға немқұрайлылық танытқан. Ал респонденттерідң 5,7 пайызы жауап беруге қиналған.
Халықтың ЕҚЫҰ Саммитін Қазақстанның қаншалықты тиімді ұйымдастыра білгендігіне қатысты пікірлерін зерделеу мынадай нәтижелер көрсетті: жалпы, сұралғандардың 82,3 пайызы Саммиттің ұйымдастырылуын тиімді және тиімді шығар, 4,3 пайызы тиімсіз және тиімсіз шығар деп бағалады, ал 13,3 пайызын жауап беруге қиналғандар құрайды.
Зерттеу нәтижелері бойынша халықтың 65,8 пайызы ЕҚЫҰ Саммитінің табысты ұйымдастырылуы және өткізілуі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбегінің арқасында, ал 22,5 пайызы барша қазақстандықтардың еңбегінің арқасында деп есептейді.
ЕҚЫҰ Саммитінің Қазақстан үшін маңыздылығы туралы пікірлерге жүргізілген талдауға сүйенсек, респонденттердің 47,8 пайызы Саммит халықаралық қауымдастықта Қазақстанның беделін арттыратын оқиға болғанына сенім білдіріп отыр. Сонымен қатар, сұралғандардың 21,7 пайызы ЕҚЫҰ Саммиті - жалпы еліміз үшін өте маңызды оқиға, ал 19 пайызы еліміздің табысты дамуының көрсеткіші болып табылатындығын белгілеген. Ал 3,3 пайызының пікірі бойынша Саммит еліміз үшін маңызды оқиға болып табылмайды екен.
Сауалнама барысында респонденттерге «Саммитте қол қойылған Астана декларациясының Қазақстан үшін маңыздылығы қандай?» деген де сұрақ қойылды. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, респонденттердің 41,8 пайызы үшін Астана декларациясы даулы мәселелерді шешу бойынша маңызды құжат болып табылса, 22,7 пайызы - үшін қазақстандық дипломатияның жемісі, 12,5 пайызы үшін ЕҚЫҰ-ны жаңғырту/қайта құру қажеттілігін растайтын құжат болып табылады. Сонымен қатар, сұралғандардың 7,3 пайызы бұл қол қойылған көптеген декларациялардың бірі болып табылады деп санайды.
Халықтың Саммиттің қорытындыларына қатысты пікірі мынадай: респонденттердің 30,8 пайызы - өткен Саммиттің Қазақстанның және Президенттің әлемдік беделін паш еткенін, 19,8 пайызы - Қазақстанның барлық жетістіктерін әлемге таныстырғанын айтып отыр. Ал қазақстандықтардың 11,5 пайызы - Астана саммитінің қорытындысы Ұйымның жұмысына жаңаша серпін берді деп санайды.
Жүргізілген сауалнама осылайша, 1-2 желтоқсанда Астана қаласында өткізілген ЕҚЫҰ Саммиті туралы қазақстандықтардың хабардарлық деңгейі өте жоғары - 95,3 пайыз екендігін көрсетіп отыр.
Халықтың 80 пайыздан астамы Қазақстан ЕҚЫҰ Саммитін нәтижелі ұйымдастыра білді деп есептейді және сұралғандардың жартысынан астамы ондағы ел Президентінің жеке еңбегін ерекше атап көрсетеді.
Жалпы, көптеген қазақстандықтардың пікірінше, өткізілген ЕҚЫҰ Саммиті Қазақстан және оның Президентінің жоғары халықаралық беделін көрсеткен еліміздің басты іс-шарасы болды.