Қазақстандықтардың электромобильдерге сұранысы азайды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда электромобильдерге деген сұраныс үш есеге азайды. Бұл туралы «ҚазАвтоӨндіріс» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоӨндіріс»одағының ақпаратына сәйкес, биылғы 7 айдың ішінде әкімшілік полиция органдарыбарлық үлгідегі 826 101 көлік құралын тіркеді.

«Бұл – өткен жылдыңұқсас кезеңімен салыстырғанда 12,3 пайызға көп. Аталғанкөліктердің 770 640-ы екінші рет тіркелген. Яғни, олардың иесі ауысқан (өткенжылы мұндай санатта 691 084 көлік тіркелген). Бірінші рет тіркелген көлікқұралдарының саны 55 461-ге жетіп, 2018 жылдың жеті айынан қарағанда 24,8 пайызғаартқан», - делінген хабарламада.

2019 жылдың шілде айының қорытындысы бойыншатіркелген көлік құралдарының саны 122 873-ке жетіп отыр (өткен жылға қарағанда 8,1 пайызға артық). Олардыңішінде 113 772-і екінші рет тіркелген.

«2019 жылдың7 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда электр қуатты тек 11 жеңіл автокөліктіркелді. Бұдан бір жыл бұрын ондай көліктердің 39-ы тіркеуден өткізілген еді»,- деді «ҚазАвтоӨндірістен».

Қазақстандағы қайта тіркелген көліктердің үштенекісінің жарамдықмерзімі 10 жылдан асып кеткен. Автокөлік нарығындағы келісімдердің динамикасыбұрынғыша отандық парктың ескіріпбара жатқанын көрсетіп отыр.

Соңғы жаңалықтар