Қазақстандықтардың еңбекақысы дағдарыс кезеңінің өзінде арта түсуде ? «Нұр Отан» ХДП Халықтық тұғырнамасын жүзеге асыру

None
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлау өткеннен бергі екі жыл «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы
«Қазақстанның гүлденуі және қазақстандықтардың игілігі үшін: біз елдің әрбір азаматының өмірін қалай жақсартамыз» атты Халықтық тұғырнамасында баяндалған сайлау алдындағы өз уәделерін толық орындап, таңдалған бағытпен қадам басып келе жатқанын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың ел экономикасына әсеріне және республикалық бюджеттің қысқаруына қарамастан, 2009 жылғы қаңтардың бірінен бастап айлық еңбекақының төменгі көрсеткіші 13470 теңгеге дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ базалық лауазымдық жалақы 8 712 теңгеден 10 890 теңгеге көбейтілді, бұл 2009 жылы бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысының жалпы көлемін 25 пайызға арттыруды қамтамасыз етті. 2009 жылғы ақпанда бір қызметкердің орташа айлық номиналды еңбекақысы 61 793 теңгені құрады және өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 13,2 пайызға өсті, нақты есеппен алғанда қаңтар-ақпан айларында 4,1 пайызға өсіп, тиісінше 61 460 теңге және 12,7 пайыз болды. Нақты еңбекақы индексі 103,7 пайызды құрады. Сонымен қатар, жалдамалы еңбекке тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу экономиканың барлық салаларында байқалып отыр.