Қазақстандықтардың ипотекалық үйлерінен айырылуы: Жоғарғы сотқа өтініш жолданды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі (омбудсмен) Асқар Шәкіров кепілдік мүлік бойынша банк қарыздарын өндіріп алудың сот тәжірибесі мәселелері бойынша ҚР Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановқа өтініммен шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі заңнамаға сәйкес, банктер банк қарызы шартында көрсетілген берешектерді өндіріп алу бойынша кез келген шараларды, соның ішінде соттан тыс немесе сот тәртібімен кепілдік мүлікті алып қоюға құқылы.

Үндеуде аталып өтілгендей, мемлекет Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы аясында азаматтарға қажетті көмектер көрсетілуде. Осы құжатқа сәйкес, халықтың әлеуметтік осал бөлігіне жататын борышкерлерге, сондай-ақ 2004-2009 жылдары ипотекалық қарыз алғандарға көмектер қарастырылған.

Биыл ақпан айында ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейлі банктерге жоғарыда аталған Бағдарламаның белгілеріне сәйкес келетін борышкерлерді баспаналарынан шығару процедураларын тоқтатуларын сұрап, хат жолдаған еді.

Азаматтардың келіп түскен өтініштерін талдау және сәйкес сот тәжірибесі көрсеткендей, соттар, кепілдік мүліктерді сату арқылы банктердің қарыздарын өтеу туралы талаптарын қараған кезде, әдетте, олардың пайдасына шешім қабылдайды.

Халықаралық талаптарға сәйкес, адамдарды баспаналарынан шығару арқылы оларды үйсіз қалдыруға немесе басқа да құқықтары бұзылған адамдар санын арттыруға алып келмеуі керек. Тұрғын үй мәселелері бойынша БҰҰ Арнайы баяндамашысы Р. Рольник Қазақстанға жасаған сапарын қорытындылау барысында аз қамтылған отбасылардың несиелер мен ипотекалық қарыздарын төлеуге қабілетсіздігіне байланысты азаматтарды мәжбүрлеп баспаналарынан шығару мәселесіне ерекше назар аударылды.



Фото: biznes-prost.ru

Соңғы жаңалықтар