Оның атап өтуінше, Президент өңір басшыларының коммуналдық қызмет қарыздарын төмендету бойынша тапсырманы бақылауға алмай отырғандықтарын сынға алды. Елбасының алға тартқан дерегіне сәйкес, бүгінде қазақстандықтардың аталған қарызы шамамен 7 млрд. теңгені құрап отыр.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы тарифтердің жыл сайынғы өсімі де бақылауға алынбайтындығын атап өтті. «Президент нақты мысал келтірді: Павлодар облысында энергостанса тарифті 1,5 есе көтерді, ал ол жақта тозу да өсіп келеді. Ал Көкшетауда жергілікті монополистің 4 млрд. теңгелік инвестициялық бағдарламасы электр желілеріндегі шығынды тек 1 пайызға ғана төмендетеді», - деді Д.Абаев.