АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың некелесуден гөрі ажырасулары басым болып тұр. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов өткізген брифингте белглі болды.
Оның атап өтуінше, ағымдағы жылдың қаңтар айында елімізде 10,9 мың жұп некесін қидырды. Бұл өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 0,4 пайыз аз. Некелесудің жалпы коэффициенті мың тұрғынға шаққанда 7,6 құрайды.
Айта кетерлігі, өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда осы жылы ажырасушылардың қатары 8,6 пайызға артық болып тұр.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.