«2011 жылғы наурызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 87470 теңгені құрады және өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 21,1%-ға, нақты көріністе - 11,5%-ға өсті», - делінген хабарламада.
Салалық құрылымда жалақының ең үлкен мөлшері кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 198,2 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,3 есе) белгіленді, қаржы және сақтандыру қызметінде - 171,9 мың теңге (2,0 есеге асады) кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде - 170,7 мың теңге (1,9 есе). Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығындағы қызметкерлерінде сақталуда - 33,8 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 61,3%-ға төмен.
Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Маңғыстау облысында - 182,6 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 2,1 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 55,5 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 36,5%-ға төмен.