АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - БҰҰ Даму бағдарламасының тапсырысы бойынша Құқықтық саясатты зерттеу орталығы өткізген сауалнамаға сәйкес, қазақстандықтардың 82,4 пайызы отандық сот саласына өз сенімін білдірді.
Осылайша, ел азаматтарының басым бөлігі бүгінде сотқа арыздардың әділ қаралатынына сенім білдіріп, судьялардың кәсіби қызметіне жоғары баға берді. Сауалнаманың қорытындысы көрсеткендей, қазақстандықтардың 82,4 пайызы отандық сот саласына сенімін білдіріп отыр.
Айта кеткен жөн, Құқықтық саясатты зерттеу орталығы өткізген сауалнама Қазақстанның 114 сотында жүргізілді. Оған 6 мыңға жуық респондент қатысты.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.