Қазақстандықтардың сәуір айындағы орташа жалақысы белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың сәуір айындағы бір жұмыскердің номиналды орташа айлық жалақысы 152 013 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Үстіміздегі жылғы наурыз айындағы көрсеткіш бойынша, тұрғындардың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 86 119 теңге болды. 2017 жылдың наурыз айымен салыстырғанда тұрғындардың ақшалай номиналды табыстары 12,1% артты, ал нақты өсім 5,1%-ды құрады.