Бұл туралы бүгін Алматыда Қоғамдық проблемаларды зерттеу орталығының (PPRC) ұйымдастыруымен «Қазақстандағы азаматтық қоғамның индексі» тақырыбында өткен семинар барысында айтылды.
«Бұл көрсеткіш Азаматтық қоғамның индексін анықтау бағытындағы зерттеу негізінде жүзеге асырылды. Азаматтық қоғамның индексін анықтау қазіргі кезде әлемнің 41 елінде жүзеге асырылады. Қазақстан биыл бірінші рет қатысып отыр. Индексті анықтауды жүзеге асыру үшін бізде арнайы кеңес беру тобы құрылып, әр аймақ зерттелді»,- дейді PPRC директоры Меруерт Махмутова.
Зерттеу көрсеткендей, қазақстандықтар әлеуметтік-экономикалық проблемаларға белгілі бір деңгейде аз көңіл бөледі. Сондай-ақ еліміздегі үкіметтік емес ұйымдардың басым бөлігі шешім қабылдауда демократиялық қағидаларға жүгінеді, жартысынан астамы өз деңгейінде жұмыс істеуде. «Алайда бұлардың 14,4 пайызының тұрақты адами ресурстары жоқ. Бұл қаржылық қамтамасыз етудің төмендігінен»,- дейді М.Махмутова.