Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін агенттіктің интернеттегі ресми сайтына 465 мың адам кіріп, статистикалық мәліметтерді пайдаланған. Бұл өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда, 24 мыңға көп. Ал 2010 жылға қарағанда, екі есе артық болып тұр. «Осының бәрі - Статистика агенттігінің ашық әрі шұғыл қызметінің нәтижесі», - дейді мамандар.
Бүгін агенттік өз тұтынушылары үшін «ашық есік» іс-шарасын ұйымдастырып, статистика саласындағы жаңа ақпараттық технологияларды енгізу бойынша кеңестер өткізді.