Қазақстандықтардың үштен бірі ипотекалық несие алуда қателік жасады-Г.Марченко

sp;АЛМАТЫ. Қарашаның 18-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Ипотекалық несие алған қазақстандықтардың үштен бірі өздерінің төлем мүмкіндіктерін есепке алмай қателік жасады.

 Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко «Bnews.kz» порталында болған online-конференция барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конференция барысында ең жиі қойылған сұрақтардың бірі ипотеканы қайта несиелендіру үшін қаржы бөліне ме деген сұраққа Г.Марченко  қайта қаржыландырудың үкіметке байланысты екендігін айтты.

«Егер үкімет дұрыс деп тауып,  қайта қаржыландырса онда оны көреміз. Мен 2000 жылдың басында-ақ ипотекалық несие алып жатқан тұрғындардың үштен бірі қателесіп жатқанын бірнеше рет айтқам. Егер дағдарыс болмаса да олар ипотекалық несиесін төлей алмауы мүмкін еді»деген Ұлттық банк басшысы, өз мүмкіндіктеріне сенген несие алушылардың дағдарыс уақытында дұрыс өмір сүріп, несиелерін қайтарып жатқандарын айтты.