Қазақстандықтардың зейнетақы салымдары жүк вагондарын жасауға жіберіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Темір жол-машина жасау саласын қолдауға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 50 млрд теңге бөлінеді.

Қазақстандықтардың зейнетақы салымдарын Үкімет темір жол-машина жасау саласына салып сауықтыруға ниетті. Биыл Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан саланы қолдауға 50 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Раудың айтуынша, миллиардтаған қаражат темір жол саласын субсидиялауға жұмсалады. Осылайша Инвестициялар және даму министрлігі жүк вагондарының жетіспеушілігі мен олардың экспортын ұлғайту проблемаларын шешуді жоспарлайды. Жалпы үш мың темір жол вагонын жасалады.

2016 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» Қазақстандық қор биржасын 200 млрд теңгеге бірінші облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркейтінін хабардар етті.

Қаржы нарығының кәсіби қатысушылары дағдарыс жағдайында мұндай ірі сомаға облигация орналастыру - барынша тәуекелді қадам екенін айтады. Сарапшылардың пікірінше, мемлекет облигацияны тек - БЖЗҚ немесе Ұлттық қор қаражаты есебінен ғана сатып ала алады.