Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 9,99 трлн теңгені құрады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарының жалпы сомасы 9,99 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2019 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша БЖЗҚ қызметініңнегізгі көрсеткіштері сенімді оң динамиканы көрсетті: 1 шілдеге қарай зейнетақыжинақтарының жалпы сомасы 9,99 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 7% немесе615 млрд теңгеге ұлғайды. Биылғы бірінші жартыжылдықта жинақталған зейнетақықаражатының өзгеруі 464,8 млрд теңге мөлшерінде зейнетақы жарналарының, 107,6 млрд теңге мөлшеріндегі зейнетақытөлемдерінің, сондай-ақ 257,5 млрд теңге көлеміндегі инвестициялық кірістің түсулеріменбайланысты», - делінген қордың ресми ақпаратында.

Мәліметке сәйкес, бүгінде БЖЗҚ-да қазақстандықтардың 10,3млн шоты ашылған.

«2019 жылдың біріншіжартыжылдығында БЖЗҚ-да 155 821 салымшы үшін жеке зейнетақы шоттары ашылды. Алғашрет БЖЗҚ-да шот ашқандардың 22% 20 жасқа дейінгі азаматтарды құрады, 36,2% -21-30 жасты, 18,3%- 31-40 жасты, 13,6%- 41-50 жасқа дейінгі, 9,9% - 51 жастанжоғары топтарды құрады», - деді қордан.

Бұл ретте, қор аталмыш кезеңде жалпы сомасы 107,6 млрдтеңге көлемінде зейнетақы төлемдерінжасаған. Оның 41 млрд теңгесі - жасына байланысты, 21 млрд теңгесі ҚР аумағынантыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төленсе, 30 млрд теңге сақтандыру ұйымдарына аударылған.

Таза инвестициялық кіріс 257,5 млрд теңгені құраған. «Соңғы12 айда зейнетақы активтерінің табыстылығы инфляция 5,4% болғанда 9,4% құрады.Осылайша зейнетақы активтері соңғы 12 айда 4% мөлшерінде нақты оң кірістіліккеие», - делінген баспасөз ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар