Қазақстандықтардың жан басына шаққандағы нақты кірістері мамырда 6,4% төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан тұрғындарының жан басына шаққандағы орташа номиналды қаржылай кірістері 2017 жылдың мамыр айында 75 145 теңгені құрады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 0,6% жоғары. Ал, азаматтардың нақты қаржылай кірістері аталған мерзімде 6,4% төмендеді, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.

Бір жұмысшыға шаққанда орташа айлық номиналды жалақы 2017 жылдың маусымында 143 822 теңгені құрады.