Қазақстандықтардың жаңа көліктерге сұранысы қандай

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл жарты жылда Қазақстанда 31 мыңға тарта жаңа жеңіл автокөлік сатып алынды, оның ішінде 17 мыңнан астамы елімізде құрастырылған. Бұл туралы ҚазАқпарат EnergyPromға сілтеме жасап хабарлайды.

«2019 жылдың маусым айында коммерциялық жеңіл көліктердіқоса есептегенде қазақстандықтар 6 мыңнан асатын автомобиль сатып алды. Бұл көрсеткіш мамыр айына қарағанда2,7 пайызға, ал былтырғы маусым айымен салыстырғанда 12,5 пайызға артық. Жалпы,бірінші жартыжылдықта жаңа жеңіл көліктердің сатылымы 30,8 мыңға жетіп, өсім18,3 пайызды құрады», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, сатып алынған отандық көліктер үлесі біржылда 47,1-ден 55,8 пайызға дейін өсті, сондай-ақ импорттық автомобильдерсәйкесінше 52,9-дан 44,2 пайызға дейін қысқарды.

Қазақстандық зауыттардан шыққан жеңіл көліктердің сатылымы40,1 пайызға артты, яғни жартыжылдықта 17,1 мың автокөлікке дейін жетті.Өткізілген импорттық машиналар 13,6 мыңды құрады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биылғы бірінші жартыжылдықтаҚазақстан азаматтары 282,5 млрд теңгеге 30 754 жаңа жеңіл көлік және жеңілкоммерциялық автомобиль сатып алды.

Соңғы жаңалықтар