Қазақстандықтардың жеке мәліметтері әлемжеліде заңсыз жиналып жатқаны анықталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «KZ-CERT» компьютерлік оқиғаларға әрекет ету қызметі қазақстандықтардың жеке мәліметтерінің жиналу жағдайы тіркелгенін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталмыш қызметтің

«KZ-CERT» қызметіне жуырда Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасынан өтінімкеліп түскен.

Басқармадан хабарланғандай, жуырда балаларды балабақшаларға тіркеу бойыншаақылы қызмет көрсететін әлеуметтік желідегі парақшалар жұмыс істей бастаған.Осы ретте аталмыш парақшалар қазақстандықтардың жеке мәліметтерін заңсыз жинапжатқаны азаматтарды алаңдата түскен.

«KZ-CERT» өз кезегінде талдау жұмыстарын жүргізе отырып, Instagram желісімен «OLX» онлайн-дүкенінде келесі мәтіндегі ақпараттың тарағанын анықтап отыр: «Біздіңпарақша балабақшалардағы орындарға тәулік бойы мониторинг жүргізуменайналысады. Біз e.astana.kz электронды әкімдігінің сайты арқылы жұмысжүргіземіз. Бұл Қазақстан Республикасының жалпы халқына қолжетімді сайт. Сайтқаэлектронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы кіруге болады. Сіз тек өзіңіздіңүйіңізге жақын балабақшаны таңдап алып, ЭЦҚ кілтін ұсынсаңыз болды. ЕСКЕСАЛАМЫЗ: барлық жұмыс заң аясында жүргізіледі. Тек бағыттама берілгеннен кейінғана ақы алынады. Осыдан кейін Сіздің барлық жеке мәліметтеріңіз сәтті түрдежойылады».

Интернет оқиғаларына жауапты қызмет аталмыш жағдайда жеке мәліметтердіжинау жұмысы сендіру тетігі арқылы жүргізіліп жатқанын ескертеді.

«Баланы балабақшаға кезекке орналастыру, кезек нөмірін бақылау, балабақшағабағыттама алу – барлық қызметтерді ата-аналар e.astana.kz порталының сайтынантегін ала алады. Оның үстіне аталмыш қызметтер үшін ешқандай ЭЦҚ-ның қажетіжоқ. Авторизациялау мен ары қарай қызметті алу үшін ЖСН нөмірін, ата-ананыңтелефон нөмірін және бір рет тексеруші СМС-пароль нөмірін енгізсеңіз болғаны.Сол себепті, бөгде адамның бұл формаларды толтыруы ҚР заңнамасына қайшы келеді.Сіз берген ЭЦҚ кілті мен жеке мәліметтеріңіз басқа мақсатта пайдаланбайды депешкім кепілдік бермейді», - деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қалалық білімбасқармасының стратегия, талдау және цифрлы технологиялар бөлімінің басшысыЖазира Асанова.

Кез келген адамның ЭЦҚ кілтін тауып алу арқылы алаяқтар «Электронды Үкімет»порталында азаматтардың жеке мәліметтерін пайдаланып, мемлекеттік қызметтіңтүр-түрін ала алады. Осыған байланысты «KZ-CERT» қызметі мен елорданың білімбасқармасы барлық ата-аналарға осыған ұқсас мәлімдемелерге сенбеуге, қызметтіңбәрін e.astana.kz ресми жүйесінде алуға шақырады. Жоғарыда аталғанинтернет-ресурстар анықталған жағдайда 1400 нөміріне хабарласуға немесе @kzcertтелеграмм тобына хабар беруге болады.

«KZ-CERT» компьютерлік оқиғаларға әрекет ету қызметінің нөмірі менэлектронды поштасы: 8-717-255-99-97, 1400(моб.) E-mail: info@kz-cert.kz;incident@kz-cert.kz https://t.me/kzcert.

Аян Бекенұлы

Соңғы жаңалықтар