«ҚР Президенті әкімшілігі, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өтінімдеріне сәйкес мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметті дамыту мәселелері бойынша зерттеулер жүргізілді. Өткен жылы қарашада ауыл әкімдерін сайлауға халықтың қанағаттануы және әкімдердің тікелей сайлау өткізу рәсіміне қанағаттануы мәселесіне арналған әлеуметтік зерттеулерінің нәтижелері бойынша талдамалық есеп жасалды», - деді Ерлан Әбіл ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің кеңейтілген алқа отырысында.
Оның айтуынша, мемлекеттік басқару және қызмет саласында бірқатар зерттеу жобалары іске асып жатыр.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, халықаралық рейтингтік агенттіктердің зерттеу нәтижелері, Қазақстанның ондағы орны туралы талдау және анықтамалық материалдар әзірленді. Сонымен қатар қалың жұртшылыққа арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негіздері мен қазіргі заманғы тетіктері туралы «Парасатты мінез-құлық негіздері» кітабын дайындау бойынша жұмыс жүріп жатыр», - дейді ол.