Қазақстандықтарға ескерту SMS келіп жатыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық ұялы байланыс операторларынан абоненттерге қауіпсіздік сертификатын орнату қажеттігі айтылған SMS келіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрылғыға арналғанқауіпсіздік сертификатының болмауы интернет ресурстарының қолжетімділігіншектеуі мүмкін». Осы мәндегі SMS -тер бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы ұялыбайланыс абоненттеріне келе бастаған болатын.

Аталмышсертификатты Kcell, Activ, Tele2, ALTEL, Beeline ұялы байланысынқолданушылары да орнату қажет.

Бұл мәліметтіаталмыш байланыс операторларының барлығы бірауыздан растап отыр.

«Аталмышхабарламалар Қазақстанда тіркелген барлық абоненттерге жолданады. Әр операторөз абоненттеріне хабарлама арқылы сілтеме жібереді. Көрсетілген сілтемеге өту арқылы қауіпсіздік жүйесініңсертификатын көшіру керек. Көшірілген сертификатты орнату қажет болады. Осыдан кейін «Сертификат сәтті орнатылды»деген ақпарат келеді. Сол сәттен бастапабонент Қазақстан Республикасында кіруге мүмкін емес сайттардың барлығынанқорғалатын болады». Байланыс операторларының қысқаша түсіндіруі осыған саяды.

Мамандар қазіргітаңда әр түрлі ұтыстар туралы сілтемелер көп тарайтынын айтады. Қауіпсіздік сертификатын орнату арқылы сондайсайттарға есік жабылмақ. Яғни, күмәндісілтемеге өтуге әрекеттенсеңіз де қаіпсіздік жүйесі сіздің деректеріңіздіхакерлік шабуылдан қорғап қалады.

Операторлар аталмышсілтеме елдегі барлық абоненттерге таратылып жатқанын айтады. Яғни, әзіргеондай SMS алмаған адамдардың алаңдауына себеп жоқ. Сілтеме келген сәтті күтіп,орнатуға дайын болуы керек. Мамандардың айтуынша, абоненттің хакерлік шабуылға ұшырауы үшін күмәндісілтемеге өтуі міндетті емес. Яғни қауіпсіздік жүйесінің сертификаты болмағанжағдайда интернет арқылы пайдаланатын көптеген қызметтерге кіретін құпия сөздермен кодтарды ұрлау оңай. Қауіпсіздік жүйесінің сертификатын орнату осы үшінқажет.

Соңғы жаңалықтар