Қазақстандықтарға Израильде сақтық шараларын ұстануы керектігі ескертілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Израильдегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті мен ҚР СІМ осы елге барған және палестиналық аумақтағы қазақстандықтарды сақтық шараларын ескеруді ескертті. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Осы орайда қақтығыс жүріп жатқан аумақтан аулақ журу, сондай-ақ оқ атылуы мүмкін орындарға бармау туралы айтылуда.

ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті Израиль мен Палестинаға турларды жүзеге асыратын туристік операторлар мен агенттіктерге туристерді аталған жердегі ахуал қиындағанын, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары жайында ақпараттандыруы керектігін ескертті.