«Словакиядан гуманитарлық көмек алдық. Екпе алғысы келетіндердің барлығы вакцина салдыра алады. 210 мың доза Pfizer бар. Көбіне адамдар ревакцинацияны бір дозамен салдырады», - деді А. Ғиният Сенаттағы Үкімет сағатынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, қазір елімізде вакцинаның үш түрі бар. Осы орайда QazVac, Sinopharm және Pfizer-дің 700 дозасы бар.
«Екпе салу жүріп жатыр. Тәулік сайын 2-3 мың адам ревакцинацияға келіп жатыр», - деді министр.
Бұған дейін хабарланғандай, Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда анықталған коронавирустың «цербер» штамының ерекшеліктерін айтты.