Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Өткен тәулікте 4 226 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 490 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 769 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 429 жолаушы;
Ақтау қаласының әуежайына – 4 рейс, 342 жолаушы;
Қостанай қаласының әуежайына – 2 рейс, 192 жолаушы;
Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 4 жолаушы.
Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.