МКД Экономикалық тергеулер қызметінің ақпаратына сәйкес 2017 жылғы 26 ақпанда қаланың халықаралық әуежайында жедел іздеу шаралары барысында «Ыстанбұл-Астана» рейсімен келген Қырғызстан азаматшасы ұсталды.
Одан Қазақстан аумағына контрабандалық жолмен әкелген 32,5 келі зергерлік бұйымдары тәркіленді. Сараптама заттардың әртүрлі сынамалы алтыннан әзірленгенін растады. Кейбір бұйымдар гауһар таспен көмкерілген.
Асыл заттардың құны 380 млн. теңге. Бүгінде Астана қаласы, Есіл ауданы №2 аудандық сотының 06.06.2017 ж. үкімімен азаматша сотталды, тәркіленген заттар мемлекет кірісіне аударылды.
12:43, 29 Маусым 2017
Қазақстанға 380 млн теңгенің зергерлік бұйымдарын алып келген қырғызстандық сотталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан азаматшасы құны 380 млн теңге болатын құнды заттар контрабандасы үшін Қазақстанда сотталды, деп хабарлады Астана қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.