Аталған рейстермен елге 3 828 авиажолаушы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 1 856 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 241 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 393 жолаушы;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 44 жолаушы;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 185 жолаушы;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 109 жолаушы;
Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.