ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінен мәлім еткендей, 10 желтоқсан күні Қырғызстаннан Қазақстан аумағына өтпек болған «Toyota Prado» автомашинасы тексерілген.
Тексеру инспекциялық-тексеріп қарау кешенімен жүргізілген. Сондай-ақ «Джек» қызметтік иті жұмылдырылған.
Нәтижесінде, көлікте жасырылған ерекше иісі бар ақ-сұр түсті заты бар пакеттер табылған. Тәркіленген пакеттер одан арғы процессуалдық іс-қимылдар үшін ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментіне тапсырылды.
«11 желтоқсандағы сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген зат салмағы 60 келі
370 грамм героин екені анықталды.
Қылмыстық кодекстің 286-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергелуде.