Қазақстанға Абу-Дабидің Тақ мұрагері келді

Фото: Фото: Үкімет

Қазақстанға Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаян ресми сапармен келді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Астанаға Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаян ресми сапармен келді.

Фото: Үкімет
Фото: Үкімет

Сапар аясында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту мәселелері жоғары деңгейде талқыланады.

Фото: Үкімет
Фото: Үкімет

БАӘ – Қазақстанның араб әлеміндегі негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Екі мемлекеттің басшылығы тауар айналымын $1 млрд-қа дейін ұлғайту жөнінде бірлескен шаралар қабылдауда.