Бұл туралыбүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Ғосман Әмрин мәлім етті.
Оның хабарлауынша, соңғы тоғыз айдың ішінде Қазақстан 83,7 млрд. АҚШ долларына сауда-саттық жасады. 60,3 млрд. - экспорт, ал импорт 23,4 млрд. долларды құрады. «Соның ішінде алкоголь өнімдері де бар. Шынын айтсақ, өткен жылмен салыстырғанда, Қазақстанға әкелінген ішімдіктің көлемі 22,7 пайызға артты», - деп атап көрсетті Ғ.Әмрин.