Екі ай ішінде импортталған жеңіл автокөліктердің жалпы саны 20 мың бірлікті құрады.
Осылайша, елге шетелден жеткізілетін әрбір екінші көлік Қытайда шығарылады.
Үш ірі жеткізуші күш біріктіргеннен кейін де Қытаймен бәсекеге түсе алмады. Олардың үлесі 42% құрады:
* АҚШ – 19% (3,7 мың бірлік);
* Жапония – 15% (3 мың бірлік);
* Корея – 8% (1,6 мың бірлік).
Бір айта кетерлігі, ақшалай есептегенде Қытайдан автокөлік импортының ұлғаюы сандық көрсеткіштегідей үлкен емес. Қаңтар-ақпан айларында 129,5 млн доллар жұмсалды, бұл 43%-ға, яғни 39 млн. долларға артық. Мұндай динамика онсыз да қымбат емес қытайлық көліктердің қолжетімділігінің артқанын көрсетуі мүмкін.