«Бұл мәселеде тиісті ақпаратты алу үшін тиісті сауалды жолдадық. Аталған факті бойынша талдау жүргізілуде. Сондықтан да бұл ақпарат расталса, онда тиісті шаралар қабылданады», - деді Андрей Лукин.
Сонымен қатар ол елімізде дәрі-дәрмектің сатылымына қатысты тақырыпқа тоқталды.
«Дәрі-дәрмекті сатуға қатысты біршама заң бұзушылықтар кездесуі мүмкін, онымен өкілетті органдар айналысады. Осы орайда талаптарды ескермегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деді А. Лукин.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын БАҚ-та Қазақстан азаматтарына арналған инсулин Өзбекстанда сатылып жатқандығы туралы ақпарат тараған болатын.