Бұған дейін әлеуметтік желілерде министрліктің AstraZeneca вакцинасының 3,2 млн дозасына тапсырыс бергені туралы ақпарат шыққан еді.
«Бұл ақпарат шындыққа сай келмейді. Барлық компания өкілдерімен келіссөздер жүріп жатыр», - деп жауап берді ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сәйкес, 2021 жылдың 14 сәуірінде Қазақстанда 435 393 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Оның ішінде І компонентпен екпе алған адамдар саны 435 393, ІІ компонентпен екпе алған адамдар саны – 107 121.