Қазақстанға аударылатын қаржы көлемі бір жылда 30 пайызға өсті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанға аударылған ақша аударымдарының 60 пайыздан астамы Ресей мен Оңтүстік Кореядан жіберілуде. Елімізге аударылған қаржының жалпы көлемі бір жылда 31 пайызға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

«2019 жылғы қаңтар-мамырда шетелден халықаралық ақшааударымы жүйелері арқылы бағытталған ақша сомасы 145,8 млрд теңгені құрап,өткен жылғы сәйкес кезеңнен 31,2 пайызға артық болды. Сондай-ақ, транзакциялар26,7% немесе 670,8 мыңғадейін өсті. Халықаралық ақша аударымы жүйелері бойыншабір транзакцияның орташа чегі 210 мыңнан 217,4 мың теңгеге дейін өсті», -делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасына ақша аударымдарын жіберген елдерішінде Ресей көш бастап тұр. Бұл РФ-тен елімізге 61,9 млрд теңге аударылып, бұлкөрсеткіш былтырға қарағанда 22,2 пайызға артық болды.

Екінші орында 26,2 млрд теңгемен Оңтүстік Корея тұр. Аударымкөлемі бір жыл бұрынғы деңгейден бір жарым есеге артты.

Көш бастап тұрған үштіктің соңында Өзбекстан бар, осы елден12,8 миллиард теңге аударылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 69,2 пайызғаартық.

Қазақстан аумағына қомақты қаражат аударылған елдердіңішінде Қырғызстан, АҚШ, Германия, Түркия, Тәжікстан бар.

Ал ақша аудару жүйелерінің ішінде алдыңғы орындарды «ЗолотаяКорона», «Western Union», «MoneyGram» үштігі өзара бөлісіп тұр.

Соңғы жаңалықтар