Қазақстанға бір күнде 3,8 мыңдай авиажолаушы келді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен 3 790 авиажолаушы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

23 сәуірде Қазақстанға Аустрия, ҚХР, БАӘ, Мысыр, Түркия, Моңғолия, Грузия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 30 халықаралық әуе рейсі келді.
Өткен тәулікте 3 790 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 15 рейс, 1 977 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 965 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, 578 жолаушы;
Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 178 жолаушы;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 92 жолаушы.
Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР анықтасымен келген.
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 12 сәуірдегі №13 қаулысына сәйкес, авиакомпаниялар Қазақстанның Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте берілгеніне 3 тәулік өтпеген ПТР әдісімен COVID-19-ға тестіден өткені туралы анықтаманы ұсынбаған жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызбауы тиіс.