12 мамырда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Оңтүстік Корея, Грузия, Беларусь Республикасы, Тәжікстан, Моңғолия, Сербия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 25 халықаралық әуе рейсі келді.
Өткен тәулікте 3 025 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 15 рейс, 1 796 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 683 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 148 жолаушы;
Семей қаласының әуежайына – 2 рейс, 10 жолаушы.
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 123 жолаушы.
Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 192 жолаушы.
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 73 жолаушы.
Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.
11:02, 13 Мамыр 2021
Қазақстанға бір күнде халықаралық әуе рейстерімен 3 мыңнан астам жолаушы келді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанға 25 халықаралық әуе рейсімен 3 мыңнан астам жолаушы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.