Қазақстанға бір тәулікте 3,1 мың жолаушы ұшып келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 7 маусымда Қазақстан Республикасының аумағына Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Грузия, Италия, Түркия, Польша, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан 24 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, өткен тәулікте елімізге 3 141 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 1 768 жолаушы;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 605 жолаушы;

- Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 254 жолаушы;

- Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 212 жолаушы,

- Түркістан қаласының әуежайына - 1 рейс, 167 жолаушы.

- Орал қаласының әуежайына - 1 рейс, 135 жолаушы.

«Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келді», - деп нақтылады ведомстводан.