Қазақстанға бір тоннаға жуық етті заңсыз алып өтпек болған Қырғызстан азаматы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ-қырғыз шекарасында шекарашылар бір тоннаға жуық қой етін өткізбек болған қырғыздың жолын кесті, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.

Қордай шекара отрядының «Қарасу-авто» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары Қырғызстаннан 38 қорап етті заңсыз өткізуге әрекеттенген 34 жастағы қырғыз азаматын ұстады. Қораптағы етті өлшегенде жалпы салмағы 900 келі болған.

«ДАВ» автокөлігімен келе жатқан азаматқа қатысты материалдар Жамбыл облысы Қордай аудандық ветеринарлық қызметіне тапсырылды.