деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, елімізден тауар экспорттаушыларды қолдауға қажетті мөлшерде қаржы бөлініп-ақ отыр. «Бірақ бұл істі барынша жоғары деңгейде жүргізуге тиісті заңнаманың жоқтығы қолбайлау болуда. Өткен жылы аталмыш мәселеге байланысты заң жобасы біздің қарауымызға, яғни Мәжіліске келіп түсті. Бірақ ол сапасыз және қажетті талаптар толық қамтылмаған болып шықты. Содан бұл құжат бізге қайтып оралмады. Оның орнына сауда қызметін қолдауға байланысты заң жобасы келіп түсті. Онда экспорттаушыларды қолдауға бағытталған бірқатар баптар бар. Бірақ біз талқылаған екі құжаттың екеуі екі мәселені қамтиды. Сондықтан ол экспортты дамытуға айтарлықтай қолдау көрсетеді деп айта алмаймын», деді депутат.