деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, сапар барысында аталмыш делегацияның Қазақстанның мемлекеттік органдарында кездесулері жоспарланып отыр. Оның барысында Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың өзекті қырлары талқыланатын болады. Олардың ішінде Қазақстаның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуы, Еуропалық одақ тарапынан Қазақстанның нарықтық экономикасы бар ел ретіндегі мәртебесінің мойындалуы, отандық өнімдердің еуропалық нарықтарға шығу мүмкіндіктерін арттыру сияқты мәселелер бар.