Бұл туралы Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығынан хабарлады.
Ғылыми сайыстың жабылу салтанатында 14 шілдеде Қазақстан делегациясының басшысы, «Дарын» орталығының директоры Шолпан Қирабаева кезекті пәндік олимпиаданы ұйымдастырушы-елді таныстырды. Жеімпаздарды марапаттаудан кейін Қазақстан құрамасына салтанатты түрде 45-ші ФХО туы тапсырылды.
Даниядан жас физиктеріміз төрт күміс және бір қола медаль алып келгенін еске саламыз. Олимпиадаға әлемнің 83 елінен барлығы 381 мектеп оқушысы қатысты.