АСТАНА. KAZINFORM - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2024 жылдың 16-17 қыркүйек күндері Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц Қазақстанға ресми сапармен келеді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сапар аясында Астанада жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ «Орталық Азия Германия» форматындағы екінші кездесу өтеді.
Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Бразилия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.