Мемлекет басшысы Бразилия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Федеративтік Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Луис Инасиу Лула да Силваға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті
Фото: akorda.kz

Президент ұлт бірлігі мен ынтымағының бірегей нышаны болған бұл мейрамның ел тарихындағы орны ерекше екенін атап өтіп, Бразилия халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында екі ел арасындағы қарым-қатынас дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухында одан әрі нығая түсетініне сенімді екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар