АСТАНА. KAZINFORM - Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстан жалпы сомасы 61 млн долларға 8 278 тонна кесілген гүл мен гүл түйнегін импорттады. Бұл жайында ұлттық статбюро мәлімет таратты.
Салыстырып өтсек, 2022 жылы гүл импорты ақшалай мәнде 46 млн долларды құраған (6 832 тонна).
Былтыр гүлдер әлемнің 52 елінен, негізінен Еуропа, Оңтүстік Америка және Африка елдерінен әкелінген.
2023 жылы гүлдердің ең ірі жеткізушілері: Эквадор – 4 913 тонна, Нидерланд – 1 633 тонна, Кения – 635 тонна және Колумбия – 488 тонна.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.