Қазақстанға халықаралық инвестицияларды тартуға Люксембург өз көмегін ұсынады - К.Баттель

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға халықаралық инвестицияларды тартуға Люксембург өз көмегін ұсынуға дайын. Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Астана экономикалық форумында Люксембург Премьер-Министрі Ксавье Баттель осылай мәлім етті.

«Менің елім әлемдегі қаржылық тұғырнамасы қызметін іске асыру тұрғысында қиылысатын орталық болып табылады. Осы орайда біз Қазақстанға халықаралық инвестицияларды бағыттауға көмектесе аламыз», - деді К.Баттель. Сонымен қатар ол тауарларды жеткізу мерзімін қысқартуға бағытталған Еуропа мен Азия арасындағы көліктік дәліздердің маңыздылығын атап өтті. Қазақстан еуропалық елдермен ынтымақтастықты белсенді дамытып отырғанына тоқталған К.Баттель: «Сонымен қатар ЕО мен Қазақстан арасындағы өзге де салалардағы қатынастар берік және оны нығайту күш-жігері жақсы қарқында. Бұл тұрғыда білім беру саласындағы ынтымақтастыққа ерекше мән берілуде», - деді. Сөз соңында ол Еуропаның орталығында орналасқан Люксембургті еуропалық нарыққа шығуда қолайлы қақпа деп бағалады.