ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, жыл басынан бергі кезеңде экспорттық жеткізілімдер бағасы марганец кендеріне - 19,1, темір кендеріне - 16,7, мысқа - 9,1, мырышқа - 4,9, көмірге - 3,5, мұнайға 0,8 пайызға жоғарылап, ферроқорытпаларға - 5,6, хром кендеріне - 3,9, қара металл кендеріне 2,6 пайызға төмендеді. Бағаның мақтаға 4 пайызға жоғарылауы, олардың жүнге - 1,8, арпаға - 1,6, бидайға 0,9 пайызға төмендеуі тіркелді.
«Импортталатын өнімдерден темекі - 22,9, балық - 2,4, көкөністер - 2,3, сүт өнімдері 1,7 пайызға қымбаттады. Кофе - 5, қант - 4,6, какао - 3,8, құс еті - 1,7, маргарин 1,5 пайызға арзандады. Баға былғарыға - 4,2, тоқыма бұйымдарына - 3,5, құрылыс материалдарына - 2,2, сүрекке - 1,6, пластмассаға 1,5 пайызға жоғарылады», - делінген таратылған мәліметте.