Қазақстанға Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 тамыз күндері Қазақстанға Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

 Астанаға сапар барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын одан әрі нығайту мақсатында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. 

Еске салсақ Қазақстан сиыр, қой етін және тірі малды Иорданияға экспорттайды

Айта кетелік кеше Президенттің Қырғыз Республикасына ресми сапары аяқталған еді