Қазақстанға Исламды жеңу үшін барамын - Брэндон Кук

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадалық боксшы Брэндон Кук қазақстандық Қанат Исламға қарсы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Sports.kz.

«Кімнің үздік екенін анықтайтын жекпе-жекке келгенде, гонг даусы естілгенде мен бәрінен алшақтап, тек жеңістің маңызды екенін ұғынамын. Мен Қазақстанға сыйақы үшін емес, жеңіске жету үшін барамын», - деді Кук.

Айта кетейік, Қанат Ислам - Брэндон Кук кездесуі 9 қыркүйекте Астанада өтеді.