Қазақстанға қандай тауарлар көп импортталады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан импортының негізгі бөлігі машина құрал-жабдықтарына тиесілі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігініңмакроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің директоры Асқар Жапарқұлов орталық коммуникациялар қызметінде өткенбрифингте мәлім етті.

Министрлік өкілінің айтуынша, жарты жылдың ішінде эскпорт көлемі 23,6 млрд долларды құраған.

«Экспорттың өсуінефармацевтифка өнімдерінің көптеп сатылуы әсер етіп отыр. Мұндағы өсім 3,5 есе болса, қорғасын менмақта эскпорты 2 есеге артқан. Мыс пен мырыш экспорты да былтырғы кезеңненжоғары. Ауыл шаруашылығында ет экспорты артып келеді. Жыл басынан бері 8000тонна ет сатылған», - деді маман.

Департамент директоры ел экономикасындағы импорттың жай-күйіне де тоқталды.

«Импортта да өсім бар.Алғашқы 5 айда оның өсім көлемі 8,4 пайызға жетті. Бұл инвестициялық бағдарламалармен тікелей байланысты. Өйткені, индустрияландыру жобалары біздентехнологиялар мен құрал-жабдықтардың импортын талап етеді. Мысалы, біз кезкелген басқа тауарға қарағанда машина қондырғыларын өте көп сатып аламыз», - деді ол.

Айта кетсек, аталмыш брифингте Асқар Жапарқұлов әлеуметтік төлемдердің артуы елдегі жалпы ішкі өнімніңкөлеміне қалай әсер етіп жатқанын айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар