Заңға сәйкес, ондай визаларды Қазақстанның шет елдердегі ресми мекемелері береді. Қазіргі уақытта әлемнің 67 елінде 90 консульдық істеп тұр.
«Қазақстанның консульдық мекемелері жоқ елдердің азаматтарына визалар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайларда беріледі. 2019 жылдың басынан бері 4 656 шетел азаматы Қазақстанға туристік виза ресімдеді», - делінген СІМ мәліметінде.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сенсек, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелдік туристерге визаны электрондық тәсілмен рәсімдеуге де мүмкін берілген. Бұл мүмкіндікті әзірге 2 654 шетелдік пайдаланып, электрондық форматта туристік виза рәсімдеген.